СҚО-да үйден 3 адамның денесі табылды

Солтүстік Қазақстан облысында үйден 3 адамның денесі табылды, деп хабарлады «Петропавловск.News».

Алматы, NEGE. «6 сәуір күні Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоселовка елді мекенінде туыстары өз үйінен үш адамның денесін тапқан. Төртіншісі ауыр халде аудандық ауруханаға жеткізілді»,- делінген жұма күнгі хабарламада.

Қайғылы оқиға туралы 7 сәуір күні СҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин мәлімдеді.

«Алдын ала болжам бойынша, тұрғындар пешті ерте жауып, улы газдан иіс тиіп мерт болған. Қайтыс болған екі әйелдің біреуі 1966, екіншісі – 1988 жылғы және үй иесі ер адам 1961 жылғы болған»,- деп хабарлады Растихан.