СҚО-да орман өртеніп жатыр, зардап шеккендер бар

Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше орман өрті тіркелді, деп хабарлады ҚазТАГ.


Алматы, NEGE. «Облыс аумағында 5,7 га алаңда төрт орман өрті (Айыртау ауданы - 2, Петропавл мен Жамбыл ауданы – бір-бірден) мен 400 га астам алаңда құрғақ шөптің 320-дан астам өртенуі орын алды», - деді СҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев сейсенбідегі брифингте.
Сонымен, 19 сәуір күні Булаев қаласындағы «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №12 өрт бөлімінің байланыс пунктіне сағат 14.54 минут кеткенде Мағжан Жұмабаев ауданы Золотая Нива елді мекенінің маңында құрғақ шөптің жанып жатқандығы туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына Возвышенка ауылының №22 өрт бекетенің төрт адамнан тұратын бір бөлімшесінің кезекші қарауылы барған.
«Өрт орнына келген кезде белгілі болғаны, күшті желдің салдарынан тілсіз жау ауылдың шетіне дейін жетіп, 70 шаршы м. алаңдағы адам тұрмайтын үш үйді шарпып, адамдар тұратын үйлерге қауіп төндірген. ТЖ орнынан 52 шақырымда орналасқан өрт сөндіру бөлімшесі келіп жеткенге дейін өрт шыққан жерде «Кинцель» ШҚ мен «Литвиненко» ШҚ ерікті өрт сөндіру құрылымы бөлімшесінің екі техникасы жұмыс жасаған», - деді Атығаев.
Оның ақпарынша, адамдар тұрмайтын үйдің шатырындағы өртті сөндіру барысында шатыры құлап, 43 және 45 жасар екі ер адам зардап шекті, оның бірі жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді.
«21 сәуірде шамамен 6.30-да М.Жұмабаев ат. ауданның Изобильное ауылының шетіндегі құрғақ шөп өртенген. Күшті желдің салдарынан өрт ауылды елді-мекендерге тараған, ал онда бір отбасы тұрып жатқан. Өрттен үш адамдар тұрмайтын үйге зиян келген, оқиға орнында өрт сөндіру бекетінің бір техникасы мен «Земля Возвышенка» ШҚ ерікті өрт сөндіру құрылымының бір техникасы жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі – құрғақ шөптің өртенуі», - деді ТЖД өкілі.
Ведомство ақпарынша, облыста құрамында 206 адамы бар 48 мобильді топ құрылған, олар 112 рейд жүргізіп, 43 адам әкімшілік жауапқа тартылған.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды