СҚО-да қашып кеткен сотталушы бір сағат ішінде ұсталды
22 ақпанда ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің № 16 мекемесінен ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотталған адам қашып кетті, деп хабарлайды Полиция.
Алматы, NEGE. Жедел-іздестіру іс-шаралары шұғыл түрде басталды. Бір сағат ішінде қашқан адам ұсталды.
ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес тергеудің егжей-тегжейлері өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.
Қазір Өскемен қаласының ПБ ҚР ҚК 426-бабы “Бас бостандығынан айыру орындарынан қашу” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.