СҚО-да астық қоймалары өртенді
Солтүстік Қазақстан облысындағы қоймаларда алапат өрт болды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. 12 маусым сағат 05:36 уақытында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Кондаратовка ауданында "Нұр Астық LTD" ЖШС аумағында жалпы көлемі 1100 шаршы метрді құрайтын 4 қойма отқа оранды, - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Өрт сағат 7.29-да ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Өртті сөндіруге Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД күштері мен құралдары, аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы, 46 адамнан тұратын ерікті өрт сөндіру топтары мен 12 техника жұмылдырылды.