СҚО-да 184 мыңнан астам құс қырылған

Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауы өршіп тұр. Бүгінгі күнге дейін өңірде 184 мың 342 құс қырылып қалған.

Алматы, NEGE. Оның 15 мыңға жуығы үй құсы болса, қалғаны Бескөл құс фабрикасына тиесілі. Қанаттылардың өлу жағдайы 40-қа тарта елді мекенде тіркелді. 18 ауыл карантинге жабылды. Тағы 11-іне қатысты қаулы дайындалып жатыр. Аймақта құс тұмауымен күресу үшін арнайы іс-шаралар жоспары бекітiлді. Жедел штаб жұмыс істейді. Ошақ анықталған елді мекендерден 20-25 шақырым аумақтағы үй құстарына екпе салынып жатыр. Осы күнге дейін 144 мың 338 құс вакцинацияланды.  

Қазір оқып жатыр

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім