СҚО-дағы Челябі-Новосибирск тасжолында 48 жастағы полицейді көлік қағып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында Челябі-Новосибирск тасжолында 48 жастағы полицейді көлік қағып кетті. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Қызметкердің өлімі туралы ақпаратты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Ведомство мәліметінше, бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«28 сәуірде республикалық маңызы бар Челябі-Новосибирск тасжолында 48 жастағы полиция қызметкерін көлік қағып кетіп, ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта жүргізушіні анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»

Әдеп сақтамаған депутат жиында сөз сөйлеу құқығынан уақытша айырылады

«36 айлық көлемінде бонус алған»: QazaqGaz жауап бер(ме)ді

️Ресей Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдауды тоқтатады: министр мән-жайды түсіндірді