СҚО-да жүк көлігі аударылып, жүргізуші құтқарылды

Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында республикалық маңызы бар жолда жүк көлігі жолдан шығып кетіп, аударылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Видеодан скрин

АЛМАТЫ, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай, рульге ие болмаған. 1962 жылы туған азамат кабинада қысылып қалған.

— Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, гидравликалық құралдың көмегімен жүргізушіні шығарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды, — делінген ресми ақпаратта.

Қазір оның өміріне қауіп жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City-де Орталық Азиядағы алғашқы аэротакси сынақтан өткізілді

Қазақстандықтар Жан Байжанбаев бастаған бірнеше актерді қамауға алуды талап етті

«Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн – Тоқаев

Ішкі рейстердің билеті арзандай ма? Экономист ҚҚС-ның әсерін түсіндірді