СҚО-да жалған вакцинациялау фактілері анықталды

Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау мекемелеріне тексеріс жүргізілді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Тексеріс барысында Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жалған вакцинациялау фактілерін анықтады.

Қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпенің 70-тен астам фактісі, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұтымсыз пайдалану және ресми құжаттарды бұрмалау сияқты өрескел заңбұзушылықтар байқалды. Сондай-ақ қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, жалпы құны 7,8 млн теңге болатын вакциналар табылған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады