СҚО-да заңсыз елік атқан браконьерлер сотталды

Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шықты. Алайда сотталушылар дәлелді айғақтар бола тұра кінәларын мойындамаған, деп хабарладыel.kz. порталы.

ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Браконьерлерге Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1,2-бөліктері, 337-баптың 6-бөлігі 1-тармағы айып тағылған.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, сотта бұлтартпас дәлелдер бола тұра төрт айыпталушы жасаған қылмыстары үшін өз кінәларын мойындамаған. Мемлекеттік айыптаушы Петропавл қаласының 4 тұрғынын облыс орталығының маңында 53 елікті заңсыз атып, мемлекетке 68 миллион теңгеден астам шығын келтіргенін дәлелдеген.

Петропавл қалалық соты прокуратураның пікірімен келісе отырып, барлығын 8 жылдан 11 жылға дейін нақты бас бостандығынан айыруға соттап, олардан келтірілген материалдық шығынды өндіріп алумен үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енді,-делінген ведомство мәліметінде.

Қазір оқып жатыр

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді

Еуразиялық қаржы компаниясы 28,4 млрд теңге дивиденд төлейді

Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен