СҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар жүріп жатыр

Тәулігіне 28 350 дана қапшықтар және 2 295 тонна инертті материал төселді.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Есіл өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында СҚО Қызылжар ауданының Тепличное, Вагулино, Ольшанка, Долматова және Большая Малышка ауылдарында және Петропавл қаласының Заречное ауылында қорғаныс білігін нығайту жұмыстары жүргізілуде. 

Барлығы 1868 адам, 125 бірлік техникасы ТЖМ , ІІМ, ҚМ, ЖАО және ТЖМ Әскери бөлімдері жұмылдырылды. Тәулігіне 28 350 дана қапшықтар және 2 295 тонна инертті материал төселді.

Сондай-ақ Заречное ауылында тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында су айдау жұмыстары жүргізілуде, онда тәулігіне 20 100 т.м. су сорылды.

Су тасқынына қарсы ахуалға мониторинг жүргізілуде. Эвакуациялық пункттер дайындалды. Жағдай ТЖМ бақылауында.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады