СҚО-да мүгедектер мен олардың өкілдерінен заңсыз салық алынып келген

Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау бойынша қадағалау жұмыстары шеңберінде жеке табыс салығын және басқа да төлемдерді негізсіз ұстап қалу түрінде өрескел құқық бұзушылықтар анықталды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Мамлют, Шал ақын, Тайынша аудандарында жұмыс берушілер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің (бұдан әрі - Кодекс) 2022-2023 жылдар бойынша 346-бабын бұза отыра мүгедек балалардың 74 заңды өкілдерінен жалпы сомасы 6,6 млн теңге жеке табыс салығы ұсталған, ал шын мәнінде соңғысы оларды төлеуден босатылған болатын.

Ақжар ауданында 19 мүгедекке қатысты Кодекс талаптарына қайшы көлік салығы мен мемлекеттік баж салығы заңсыз ұсталған.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекеттік кіріс органдары жоғарыда аталған тұлғаларға 2,3 млн теңгені қайтарды, қалған сома бойынша жұмыс жалғасуда.

Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау сұрағы прокуратураның ерекше бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Қайрат Сатыбалды ұзақ уақыттан кейін алғаш рет ел алдына шықты

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады