16 февраля 2026 г. 11:38

СҚО-да екі жылда 21 мектеп жабылып қалған

Фото: Depositphotos.com
Биыл өңірде тағы үш мектеп жабылуы мүмкін.

Астана, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысында 2024 жылы 14 шағын жинақты мектеп, 2025 жылы 7 шағын жинақты мектеп жабылды, деп жазады облыстық білім басқармасына сілтеме жасаған Tizgin.kz. Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын сегіз мектеп жабылған. 

Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес, оқушы саны 5 баладан кем болатын мектептер жабылуы тиіс.

«Мектептер бұйрыққа сәйкес жабылды, ондағы контингент 1-ден 3 балаға дейін ғана болған», — делінген басқарманың басылымға берген жауабында.

СҚО-да 2024 жылы жабылған мектептер:

1. Айыртау ауданының «Наследниковка бастауыш мектебі» КММ – оқыту орыс тілінде;
2. Есіл ауданының «Черуновка бастауыш мектебі» КММ – оқыту орыс тілінде;
3. Жамбыл ауданы «Сәбит бастауыш мектебі» КММ – оқыту қазақ тілінде;
4. Жамбыл ауданы «Миролюбово бастауыш мектебі» КММ – оқыту орыс тілінде;
5. Жамбыл ауданының «Есперлі бастауыш мектебі» КММ – оқыту қазақ тілінде;
6. Жамбыл ауданының «Майбалық негізгі орта мектебі» КММ – оқыту қазақ тілінде;
7. Жамбыл ауданының «Ұзынкөл бастауыш мектебі» КММ – оқыту орыс тілінде;
8. М.Жұмабаев ауданының «Придорожное бастауыш мектебі» КММ – оқыту орыс тілінде;
9. Қызылжар ауданының «Дубровное негізгі мектебі» КММ – оқыту орыс тілінде;
10. Ғ. Мүсірепов атындағы «Сарыадыр бастауыш мектебі» КММ – қазақ тілінде;
11. Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның «Еркін Әуелбеков атындағы Жаңасу бастауыш мектебі» КММ – оқыту қазақ тілінде;
12. Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның «Боровской бастауыш мектебі» КММ – оқыту орыс тілінде;
13. Тайынша ауданының «Озерное негізгі мектебі» КММ – оқыту орыс тілінде;
14. Шал ақын ауданының «Социал негізгі мектебі» КММ – оқыту қазақ тілінде.

2025 жылы жабылған мектептер:

1. Айыртау ауданының «Целинный негізгі мектебі» КММ – оқыту орыс тілінде;
2. Аққайың ауданының «Куйбышев бастауыш мектебі» КММ – оқыту қазақ тілінде;
3. Тайынша ауданының «Агроном бастауыш мектебі» КММ – оқыту орыс тілінде;
4. Тайынша ауданының «Любимовка бастауыш мектебі» КММ – оқыту орыс тілінде;
5. Тайынша ауданының «Бахмут бастауыш мектебі» КММ – оқыту орыс тілінде;
6. Шал ақын ауданының «Астаған бастауыш мектебі» КММ – оқыту орыс тілінде;
7. Шал ақын ауданының «Жаңаталап бастауыш мектебі» КММ – қазақ тілінде.

Алдын ала болжам бойынша, облыста тағы үш шағын жинақты бастауыш мектеп контингент бойынша мемлекеттік нормативке сәйкес келмейді екен. 2026 жылы осы үш мектеп те жабылып қалуы бек мүмкін.