Скляр: Қираған үйде ешкім болмаған
Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ұшақтың не себепті құлағанын айтты.
Алматы, NEGE. «Ұшақ апатына байланысты құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр. Ұшу-қону жолында ұшақтың артқы бөлігі 300-400 метр ара қашықтықта жерге екі рет соғылған. Жол біткен тұста ұшақ бағыты оңға қарай бұрылып кеткен. Бұл кезде шассилерін жинап үлгерген, өйткені тағы да әуеге көтерілуге талпыныс жасаған. Өздеріңіз көргендей, ол бетон қабырғаға соғылып барып үйді қиратқан. Үйде ешкім болмаған. Ұшақ екіге бөлініп кеткен. Негізінен алдыңғы жақта отырған жолаушылар қаза болды» деді Скляр.