Скатов сан соғып қалды

Қазақстандық, әлемнің 191-ракеткасы Тимофей Скатов Парижде Ролан Гаррос турнирінде ұтылып қалды.

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының жартылай финалында дүниежүзілік рейтингте 203-орында тұрған аргентиналық Сантьяго Родригес Тавернемен кездесті.

Тимофей Скатов қарсыласына 5:7, 1:6 есебімен есе жіберді. Сағат жарымға жуық созылған бәсекеде аргентиналық спортшы 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Тимофей 1 эйс, 1 брейктен аса алмады.

Осылайша, Т. Скатов негізгі турнирге өте алмады. Биыл Франция ашық чемпионатында жекелей сында әйелдерден Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, ерлерден Александр Бублик өнер көрсетеді.

Жұптық сында Андрей Голубев, Анна Данилина, Александр Недовесов Қазақстан атынан шығады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды