«СҚ Фармацияның» жаңа басшысы Собчакпен түскен суретіне қатысты түсінік берді
Елордада өткен брифингте «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев Собчакпен түскен суретіне қатысты түсініктеме берді.
Алматы, NEGE. «Instagram-да әйеліңізбен және Ксения Собчакпен түскен суретіңіз жарияланды. Бір қызығы, ол осы жылдың сәуірінде салынған. Кейін Instagram-ңыз өшіп қалды. Мынаған жауап беріңізші, сәуір айында төтенше жағдай жарияланып, халық карантинде отырғанда банкетте жүрдіңіз бе?», - деп журналист сұрақ қойған.
- Шынымды айтсам, бұл фотосурет жеті жыл бұрын түсірілген. Ол кезде менің салмағым 135 келі еді, ал қазір 105 келімін, - деп жауап берді Есқалиев журналистің сауалына.
Айтуынша, былтыр өкпесіне ота жасатқан екен.
Ал жеті жыл бұрынғы суреттің биыл карантин кезеңінде жарияланғанын да сөз арасына қоса кетті.
«Біз ол кезде бәріміз үйде болдық. Сурет арнайы іс-шарада түсірілген, ол кезде танымал адаммен суретке түсіп алайын деген қарапайым ниет болды», - деді Ерхат Есқалиев.