«СК Фармация» ЖШС қатаң тексеріледі
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «СК Фармация» ЖШС-ның қызметіне сырттай сараптама жасау ісіне кірісті. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменттің аға тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты.
Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында агенттік мүдделімемлекеттік органдарды, қоғам өкілдері мен сарапшыларды тарта отырып, «СК Фармация» ЖШС-нің қызметіне сырттай сараптама жасау ісін бастады», – деді ол агенттіктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.
Оның айтуынша, сараптама жасау барысында компанияның нормативтік-құқықтық базасы және ұйымдастырушылық-басқару қызметі жіті зерделенетін болады.
«Нәтижесінде ел басшылығына оның қызмет тиімділігін арттыру, ұйымдастырушылық құрылымын оңтайландыру, бизнес-процестерді трансформациялау, жемқорлық тәуекелдерді жою бойынша нақты ұсыныстар енгізіледі», – деді Қайсар Баржақсынов.