«СК-Фармация» бақылауда: Депутат іс материалын Бас прокуратураға жолдады

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Жоғары аудиторлық палатаның аудит нәтижелері бойынша анықталған елеулі заңбұзушылықтарға байланысты Бас прокуратураға арыз жолдағанын хабарлады.

СК-Фармация

Алматы, NEGE. Арызда келесі ұйымдардың қызметіндегі заңбұзушылықтар көрсетілген:

  • «СК-Фармация» ЖШС;

  • Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы;

  • Бірыңғай дистрибьютор және фармацевтикалық саладағы басқа да субъектілер.

Фото: әлеуметтік желіден

Депутаттың айтуынша, бұл — Жоғары аудиторлық палата есебін талдау нәтижесінде дайындалған төрт өтініштің біріншісі. Қалған өтініштер Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) мен медициналық ұйымдар саласына, агроөнеркәсіптік кешендегі субсидияларды бөлуге, сондай-ақ 2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалуына қатысты.

Қазір оқып жатыр

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді