Сырттан келетіндердің ПТР анықтамасы болуы тиіс

Енді Көкшетауға да сырттан келетін азаматтар ПТР анықтамасымен ғана кіре алады.

Алматы, NEGE. Аймақтың бас санитар дәрігері карантин талаптарын күшейту жайлы жаңа қаулы шығарды. Естеріңізде болса, 7 қарашадан бастап облыс орталығының айналысына санитарлық бекеттер қойылып, қалаға кірген адамдардың қызуы өлшеніп келген болатын. Енді 13 қарашадан бастап өзге облыс тұрғындарының ПТР анықтамасы да тексеріледі.

Жаңа қаулыға сай көкшетаулықтардың қала ішінде кешкі 21:00-ден таңғы 6:00-ге дейін жүріп-тұруына шектеу қойылды. Ал аумағы 500 шаршы метрден асатын сауда орындары демалыс күндері жұмыс істемейді. Бұған дейін сенбі-жексенбі ірі бизнес нысандары ғана жабылып келген еді. Облыстың бас санитар дәрігері: "Айнагүл Мусина, Көкшетаудан басқа елді мекендерде адамдардың жүріп-тұруына 23:00-ден 6:00 арасында шектеледі. Ал жасы 65-тен астам кісілерге сыртқа себепсіз шығуға болмайды. Сондай-ақ көпшілік іс-шараларын өткізуге салынған тыйым сақталады" деді.

Қазір оқып жатыр

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?