Сыртқы қарыз жалпы ішкі өнімнің 30 пайызынан асты

10 қыркүйекте Өзбекстанның қаржы министрлігі 2020 жылдың алты айындағы мемлекет қарызы туралы есеп жариялады.

Алматы, NEGE. Министрлік мәліметі бойынша, биыл 1 шілдеге дейін Өзбекстан мына ұйымдарға қарыз:
Азия даму банкі – 3,9 миллиард доллар;
Дүниежүзілік банк – 3 миллиард доллар;
Эксимбанк Кытай – 2 миллиард доллар;
Жапонияның халықаралық әріптестік агенттігі – 1,7 миллиард доллар;
Қытайдың мемлекеттік даму банкі – 1,3 миллиард доллар;
Халықаралық инвесторлар – 1 миллиард доллар;
Ислам баму банкі – 0,8 миллиард доллар;
Жапонияның халықаралық әріптестік банкі - 0,4 миллиард доллар;
Басқа да қаржы институттары – 3,2 миллиард доллар.

Есепке сәйкес, Өзбекстан үкіметінің қарызы 19,4 млрд доллар болды. Бұл – республиканың жалпы ішкі өнімінің 34 пайызы.

Биыл алты айда Өзбекстанның сыртқы қарызы 1,6 млрд долларға артқан. Республиканың ішкі қарызы 2,1 миллиард долларға көбейген.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты