Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты xатшысы басқа баппен сотталды

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының No2 соты ҚР Сыртқы істер министрлігінің экс-хатшысы Анарбек Қарашевқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Алматы, NEGE. «Қарашев (бұған дейін Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған) елшілік ғимаратының құрылысы үшін және қосылған құн салығына бөлінген ақшалай қаражатты жымқырғаны үшін айыпталды. Сондай-ақ, ол кәсіпкерлерден пара алғандығы, ақшалай қаражатты заңдастырғаны үшін айыпталды. Прокурор сот талқылауы барысында Қарашевтің пара алу мен қаражатты заңдастырудағы айыптан бас тартып, айыптың жаңа тұжырымдамасын ұсынды. Прокурордың мұндай шешімі сот үшін міндетті. Сот Қарашевтің іс-әрекетін лауазымдық өкілеттілікті теріс пайдалану деп саралады», - делінген таратылған хабарламада.

Сонымен қатар, Утембаев (Өзбекстандағы бұрынғы елші) Қарашевқа қылмыстық құқық бұзушылыққа көмектескені үшін айыпталды. Сакенова (СІМ Басқармасы шаруашылығының бұрынғы директоры) кәсіпкерлерден пара алғандығы үшін айыпталды. Нұрекенов,Жумасановаға (Басқарманың бұрынғы қызметкерлері) келесідей айып тағылды: біріншісі - өкілеттілікті теріс пайдалануға және пара алуға көмектескен, екіншісі – пара алуға көмектескен. ЖШС-нің басшысы Кутдусов пара бергендігі үшін айыпталды.

«Барлық сотталушыларға айыптау үкімі жарияланды. Сот Қарашев, Утембаев және Нұрекеновтің алғашқы рет жауаптылыққа тартылып отырғандығын, кәмелетке толмаған балаларының бар болуын есепке алды. Сакенова, Жумасанова және Кутдусов жасаған іс-әрекеттеріне өкінді, айыбын мойындап келген, жан-жақты мойындау түсініктерін берген, Сакенованың баласы бар. Қарашев – 55 жаста, Утембаев – 54 жаста. Қарашев және Утембаевқа 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы (бап санкциясы 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыруды қарастырады) тағайындалды. Нурекеновке - 5 жыл, Сакенова, Жумасановаға 2 жыл бостандығынан айыру жазасы, ал Кутдусовқа айыппұл түріндегі жаза тағайындалды», - деп аталып өткен сот мәліметінде.

Барлық сотталушылар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Карашевке қатысты тергеу 2018 жылы басталған болатын.

Ол кезде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қарашевқа жұмыс кезінде қарамағындағылардан жүйелі түрде пара алады деп күдік келтірілгенін, ал оның сыбайластары кәсіпкерлерден 28 миллион теңгеден астам заңсыз пара алуға қатысы бар деп мәлімдеді. Сондай-ақ, Қарашев өзінің немере інісі "Лара Групп" ЖШС фирмасына лобби жасады, ол оған мемлекеттік сатып алу ережелерін бұза отырып, мемлекеттік қызметшілердің іссапарларына авиабилеттерді сатып алу операторы ретіндегі орынды алып берді деген ақпарат жарияланды. Бұл арада комиссиялық алымдар артық көрсетіліп, салдарынан бюджетке 9,8 миллион теңге залал келген.

Тінту кезінде Карашевтен 1,5 миллион доллар, Нұрекеновтен 200 000 доллар тәркіленді.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды