Сыртқы істер министрлігі ауған халқына көңіл айтты

Ауғанстанда қуатты жер сілкінісі болып, 250 адам көз жұмды.

Алматы, NEGE. Осы төтенше оқиғаға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі көңіл айтты. «Ауғанстанның шығысындағы жойқын жер сілкінісінің кесірінен елеулі адам шығынына байланысты ауған халқының қайғысына ортақтасамыз. Қазақстан халқы мен басшылығының атынан осы апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз. Қалыпты тіршілікке тезірек оралуға тілектестік білдіреміз», - деп жазды ведомство.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Пактика провинциясында болған қуатты жер сілкінісінен кемінде 250 адам көз жұмып, тағы 150-ге жуығы жарақат алғанын хабарлағанбыз.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі

FlyArystan әуе билеттерін 20% жеңілдікпен сатып алуға болады

«Қазмырыш» кәсіпорнында болған төтенше жағдай салдарынан екі адам қаза тапты

Қаңтар оқиғасынан кейін 4 жыл өтсе де қару-жарақ әлі табылып жатыр