Сыртқы істер министрі Израиль-ХАМАС қақтығысындағы Қазақстанның ұстанымын айтты

Газа халқы үшін гуманитарлық дәліздерді ашу - қазақстандық дипломатияның бірінші кезектегі міндеті болып отыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы, NEGE. «Елдеріміз бен халықтарымыздың тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз еткіміз келсе, қазіргі геосаяси турбуленттілік пен экономикалық сын-қатер бізден ТМҰ шеңберінде келісілген күш-жігерді талап етеді. Сондықтан еліміз Таяу Шығыстағы зорлық-зомбылықтың ушығуына қатты алаңдайды. Біз халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастыққа қосыламыз және Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты дереу тоқтатуға шақырамыз», - деді М. Нұртілеу Түркі мемлекеттері ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында.

Министрдің айтуынша, Газа халқы үшін гуманитарлық дәліз ашу - қазақстандық дипломатияның бірінші кезектегі міндеті, ол қандай да бір алдын ала шартсыз орындалуға тиіс. 

«Қақтығыс тараптары Таяу Шығыста ғана емес, бүкіл әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін бейбіт келіссөзге назар аударып, БҰҰ-ның тиісті қарарларына сәйкес «Екі халық үшін екі мемлекет» формуласын қолдауы керек. Шынында да, қазіргі жағдай бұрын-соңды болмаған және оны еш болжау мүмкін емес. Осыған қарамастан Қазақстан БҰҰ Жарғысында және халықаралық құқықта бекітілген құндылықтар мен қағидаттарды берік ұстанып, теңгерімді, көпвекторлы сыртқы саясатты жүргізуді жалғастыра береді», - деді Мұрат Нұртілеу.

Қазір оқып жатыр

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Қазақстан Иранға 30 вагон гуманитарлық көмек жіберді