Сыртқы істер министрінің Қырғызстанға ресми сапары басталды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Қырғыз Республикасына ресми сапары басталды.

СІМ

Алматы, NEGE. Сапар бағдарламасына сәйкес Қазақстан СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен келіссөздер жүргізеді және оны Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров қабылдайды.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы сапарды Қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Ата-Бейит» мемориалдық кешеніне және белгілі қырғыз ақыны Чингиз Айтматовтың қабіріне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысудан бастады.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады