Сыртқы істер министрлігі Мексикадағы қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Мексикадағы қазақстандықтарды сабыр сақтап, қауіпсіз жерлерде қалуға шақырды.

СІМ

Алматы, NEGE. Қазір Мексикада кемінде 35 Қазақстан азаматы бар.

Қазақстан елшілігі жағдайды бақылауда ұстап, азаматтармен байланыс орнатып жатқанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Мексикада танымал есірткі картелінің лидері Немесио Осегера Сервантесті өлтіріп кеткеннен кейін елде жаппай тәртіпсіздіктер басталған.

Кейбір әуе компаниялары Пуэрто-Вальярта әуежайына рейстерін уақытша тоқтатты.

Естеріңізге сала кетейік, Немесио Осегера Сервантес басқарған «Халисконың жаңа ұрпағы» картелі елдегі ең ықпалды қылмыстық топтардың бірі болып саналады. Олар синтетикалық есірткіні АҚШ-қа контрабандалық жолмен тасымалдаумен айналысады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесі түбегейлі өзгереді

Науқастарға тегін берілуі тиіс дәрілер сатылымға шығарылған

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды