«Қамалды» деген министрді журналистер сұрақтың астына алды

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

видео-скрин

Алматы, NEGE. Мұрат Нұртілеу бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысына келді. Бірер минуттардан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

Жиынға келген министрді журналистер сұрақтың астына алды.

«Ойлаймын, мұндай жағдай адамдарда көктем мен күзде болып тұратын сияқты. Маған тіпті бұған қатысты пікір білдірудің қажеті жоқ. Өздеріңіз бәрін көріп тұрсыздар», – деді Сыртқы істер министрі өзіне қатысты «қамауға алынды» деген ақпарат жайлы.

Қазір оқып жатыр

Алматы тарихи көркінен айырылады: Заңгер қаланы жаңғырту жұмыстарын сынға алды

Арқалықта полицейлер қай көлікті тоқтатпау керегін арнайы чаттан біліп отырған

Депутат Жаңбыршин қызына қатысты қауесетке пікір білдірді

Мотокросстан Қазақстан Республикасы Чемпионаты өтеді