"Сыртқа заңсыз шығарылған 1 млрд долларды елге қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр"

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сыртқа заңсыз шығарылды деген күдікке ілінген 1 млрд доллар көлеміндегі қаражатты қайтару бойынша жұмыс жүріп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Астана, NEGE. "Қаржы министрлігі  тарапынан Ұлттық банкпен алдында айтылған статистикалық ақпараттың бәрін зерттеп, сараптағанбыз. Соның нәтижесінде Қаржы қадағалау агенттігіне 8 іс бойынша шамамен 1 млрд АҚШ долларына жуық заңбұзушылық деп тапқан, тәуекелі бар істерді берген болатынбыз. Олар қазір тергеу жұмыстарын  жүргізіп жатыр. Бас прокуратураның тарапынан 20-дан астам  құқықбұзушылыққа байланысты іс қозғалған болатын. Сол қозғалған істер бойынша шамамен 1 млрд АҚШ долларына болжанып отыр. Бірақ нақтылай ақпаратты, қай кездегі немесе қандай субьектілер бойынша екенін құқық қорғау органдарынан алу керек", - деді министр.

Еске салсақ,  ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстан аумағынан заңсыз шығарылған капитал 100 млрд доллардан асуы мүмкін екенін айтқан болатын.  

Қазір оқып жатыр

Жұмыссыздарға бизнес бастау үшін мемлекеттен 1,7 млн теңге грант беріледі

Енді басқа емханаға кез келген уақытта ауысуға болады

Павлодар облысында балаларға арналған 41 киіз үй лагері ашылады

Атырауда Сұлтан Сәрсемәлиевтің соты басталды