"СЫРМАҚ ШЕРТКЕН СЫР" ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

Әдет-ғұрып және салт дәстүр орталығы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Сырмақ шерткен сыр» атты шеберлік сағат өткізді.

Шымкент, NEGE.  Іс-шараның мақсаты ұмыт бола бастаған көне дәстүрлерді жаңғырту, жүннен жасалатын бұйым түрлерін, киіз басу өнерін кеңінен насихаттау.

Шеберлік сағатта
қала тұрғындарына ұмыт бола бастаған қолөнеріміз - жүн сабау, жүн бояу, шүйкелеу, киіз басудың қыр-сыры көрсетілді.

Шеберлік сағаттың бірінші күнінде әжелеріміз жүн сабау, жүн бояу, шүйкелеудің әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Шараға мәдениет мекемелері, “Үкілі”, “Көркем”, “Ақтілек” әжелер тобы, мектеп оқушылары қатысты.

Орталық директоры м.а. Райхан Сапарқызы игі шараның маңыздылығына тоқталып , ұйымдастыруға үлес қосқан өнерпаздар мен әжелерге алғысын білдірді. Шара екі күнге ұласады.

Қазір оқып жатыр

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді