Сириядағы соғыс қайта өрши бастады

Түрік ақпарат құралдары Ресейдің әскери әуе күштерінің Идлиб провинциясын бомбалағаны туралы хабарлады. Әуеден жасалған соққы салдарынан ондаған адам қаза тапқан.

Алматы, NEGE. Бұған дейін Дамаск содырлардың бекетіне шабуыл жасалғанын мәлімдесе, Ресей тарабы 12 қаңтардан бері ешқайда ұшқан жоқпыз деп әскери операцияға қатысқандарын мойындамай отыр.

Түріктің Anadolu ақпарат агенттігінің тілшісімен сөйлескен жергілікті тұрғындар 29-қаңтардың кешінде ресейлік әскери ұшақтардың Эирха қаласын атқылағанын айтқан. Әскери ұшақтар аурухана мен наубайхананы да нысанаға алған деп жазады агенттік.

Соңғы кездері шабуылға көшкен Башар Асадтың әскері мен Иран қолдайтын әскери топтар Ресейдің әскери әуе күштерінің қолдауымен Сирияның Идлиб провинциясындағы алты елдімекенді басып алған.

Қазір Идлибтің оңтүстік-шығысында, Алеппоның батысы мен оңтүстігінде оппозиция күштері мен үкімет әскері арасында қиян-кескі ұрыс жүріп жатыр.

Сириядағы соғыс 2011 жылы басталды. Башар Асадтың билігіне наразы болғандардың бейбіт шеруіне қарсы әскер оқ атуының аяғы қанды қақтығысқа ұласты.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті