Сириядағы АҚШ әскери базасы зымыранмен атқыланды

АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылығы Сириядағы америкалық әскери базаға шабуыл жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Құзырлы ведомство өз Twitter парақшасында зымыран кешеннің ішіне өтпей сыртта жарылғанын нақтылайды.

Америкалық немесе одақтас күштер тапарынан кісі өлімі, жараланғандар туралы да дерек тіркелмеді, нысандар да, жабдықтар да бүлінген жоқ, делінген құжатта.

Бұл факт бойынша тергеу басталды.

Айта кетсек, 8 қазанда Сирия Америка Құрама Штаттарынан өзінің Қарулы Күштерін дереу ел аумағынан алып кетуді, лаңкестік құрылымдарды қолдауды тоқтатуды талап етті. Сирия СІМ мәлімдемесінде "АҚШ әскерінің бөтен ел аумағында болуы және Вашингтонның жалдамалы әскерлерді өз мақсаттарына пайдалануы халықаралық құқыққа қайшы келеді" делінген.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті