Сирияда жер сілкінісінен кейін үйінді астында сәби дүниеге келді (видео)

Сириялық құтқарушылар Алеппоның солтүстік-батысында болған жер сілкінісінен кейін үйінді астынан жаңа туған нәрестені алып шықты.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Al Arabiya телеарнасы хабарлап, эфирде құтқарушылардың сәбиді дәрігерлерге дереу апарғанын көрсетті.

Куәгерлердің айтуынша, баланың анасын құтқару мүмкін болмаған. 

Үйінді астынан аман шыққан шақалақтың қыз бала екені анықталды. Сәбидің анасы мен барлық отбасы мүшесі үйінді астында қайтыс болған. Қазір дәрігерлер баланың жағдайы жақсы екенін айтты.  

Бұған дейін Алеппоның ескі бөлігіндегі әл-Акаба аумағында жаңа туған қыз құтқарылған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады