Сирия соғысының басталғанына – он жыл
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Сирия дағдарысы жайлы: «Соғыстың оныншы жылының да қырғынмен, адам құқықтары және халықаралық гуманитарлық құқықты елемей, сонымен бірге адамдыққа жатпайтын істермен аяқталуына жол бермейміз» деді.
Алматы, NEGE. Бас хатшы жазбаша хабарлама жариялап, Сирияда 9 жыл бойы соғыс қылмыстары секілді қорқытышты зұлымдықтарға және адам құқықтарын жүйелі түрде бұзушылыққа куә болғанын білдірді.
«Соғыстың оныншы жылының да қырғынмен, адам құқықтары және халықаралық гуманитарлық құқықты елемей, сонымен бірге адамдыққа жатпайтын істермен аяқталуына жол бермейміз» деді ол.
Сирия халқының жартысынан көбі елден кетуге мәжбүр болғанын және миллиондаған адамның әлі сенімде еместігін айтқан Гутерреш 11 миллион адамның гуманитарлық көмекке зәру екеніне назар аударды.
«Мыңдаған адам жоғалып кеткен, қамауда жәбірленіп, азап шегуде. Қаза тапқан және жараланғандардың саны белгісіз. Бұлар жазасыз қалмауы қажет» деді ол.