Сирия электр жарығынсыз қалды
Сирияның аумағы толықтай жарықсыз қалды, оған апат себеп.
Алматы, NEGE. Қазір электр энергиясын қосу жұмыстары біртіндеп қалпына келтірілуде, деп хабарлайды елдің осы салаға жауапты ведомствосы.
«Желідегі апат салдарынан Сирияда электр жарығы сөніп қалды», – дейді Ikhbariya телеарнасы. «Жарық беруді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – делінген министрлік таратқан мәліметте.
Әзірге апат себебі белгісіз.