Сирия оппозициясы Дамаскінің Асад режимінен азат етілгенін жариялады

Бұл туралы Al Jazeera хабарлайды.

Ғаламтордан

Алматы, NEGE. Командир Хаят Тахрир аш-Шам Әбу Мұхаммед әл-Жулани барлық мемлекеттік мекемелер ресми түрде тапсырылғанша премьер-министр Мұхаммед Ғази әл-Жалали бақылауында болатынын айтты. Ол мәлімдемесінде оппозиция 8 желтоқсанды «жаңа дәуірдің бастамасы» деп атап, «жаңа Сирия» барлық сириялықтардың «бейбіт мекеніне» айналатынын жеткізді.

Бұл мәлімдеме оппозициялық топтардың жылдам шабуылмен бірнеше қаланы басып алғаннан кейін бірнеше сағаттан соң жасалды. Кейін Мұхаммед Ғази әл-Жалали халық сайлаған кез келген үкіметпен ынтымақтасуға дайын екенін білдірді.

«Бұл ел өз көршілерімен және әлеммен жақсы қатынастар орнататын қалыпты ел болуы мүмкін..., бірақ бұл мәселе жаңа басшылыққа байланысты. Біз онымен ынтымақтастыққа дайынбыз», - деді ол.

әл-Жалали өзінің «лауазымдар мен артықшылықтарға» емес, Сирия үкіметінің институттарын сақтауға мүдделі екенін атап өтіп, елден кетуді жоспарламайтынын айтты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?