Сырдарияның су деңгейі көтерілді

Сырдария өзені арнасынан шығып кетуі мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. «Табиғи құбылыстарға байланысты Қызылорда облысының Қазалы қаласы тұсында Сырдария өзеніндегі су деңгейі сағат 08:00-ден бері 29 см көтерілді және де қауіпті белгіге жақындады», делінген дауылды ескертуде. Нақты деңгей сағат 14:00-де 612 см-ге жеткен, қауіпті деңгей 640 см (судың өзен арнасынан жайылып кетуі) болуы керек. Ал, шекті деңгей 743 см (елді-мекенді су басу қауіпі туады). «Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі» делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады