Синоптиктер Қызылорда облысындағы құрғақшылыққа байланысты ескерту жариялады

Қызылорда облысының екі ауданында маусым айының басында қуаңшылықтың басталу қаупі туралы ескерту жарияланды.

Алматы, NEGE. "Қазгидромет" РМК синоптиктері осы жылы алғаш рет қуаншылыққа байланысты алдын ала ескерту жариялап, өңір тұрғындарын сақтық шараларына шақырды.

"Болжамға сәйкес, Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында маусым айының бірінші онкүндігінде атмосфералық құрғақшылық болады деп күтіледі", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК