Синоптиктер ауа райына байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның кейбір өңірінде дүйсенбіде ауа температурасы 40-45 градусқа дейін төмендейді. Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады.

Алматы, NEGE. 11 желтоқсанда, синоптиктердің мәліметінше, Маңғыстау облысында көктайғақ, боран, сондай-ақ жел екпіні 15-20 м/с дейін болады. Ал Атырау облысында синоптиктер екпіні 15-20 м/с жел болады деп болжайды, Солтүстік Қазақстан облысында да жел екпіні 15-20 м/с дейін болмақ.. Түнде облыстың басым бөлігінде -40-41 градусқа дейін аяз.

Жетісу облысында синоптиктер қалың қар жауады дейді. Облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Алакөл көлдері ауданындағы күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақмола және Қызылорда облыстарында қарлы боран мен қатты жел болатыны болжанған. Ақтөбе облысында екпіні 16 м/с дейін жел соғады.

Алматы облысының таулы аудандарында кейде тұман, көктайғақ болады. Ертең Алматыда да тұман түседі.

Түркістан облысының кей жерінде синоптиктер қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжайды, кей жерде боран, қатты жел мен тұман түседі.

Қостанай облысында тұман, сондай-ақ жел екпіні 15-20 м/с дейін болады. 11 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстане облысында -45 градусқа дейін қатты аяз болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді