Синоптиктер Қазақстандағы ауа сапасын айтты
18 тамызда Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі.
Алматы, NEGE. 18 тамызда Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық ахуал күтіледі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық ауаның ластануы Ақтөбе, Нұр-Сұлтан, Қостанай және Петропавл қалаларында болжанады. Қалған аймақтарда метеорологиялық ахуал бірқалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.