Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады
21 шілдеден бастап елдің солтүстік, солтүстік-батыс бөлігіне антициклон жотасы әсер етеді, соған байланысты жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады.
Алматы, NEGE. Қазақстанда 20-22 шілде аралығында республика бойынша өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Кей жерде екпінді жел, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл байқалады.
21 шілдеден бастап елдің солтүстік, солтүстік-батыс бөлігіне антициклон жотасы әсер етеді, соған байланысты жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады.
Батыста ауа температурасы түнде 20... 25℃, күндіз 33... 41℃, республиканың солтүстігінде ауа температурасы түнде 10... 18℃, күндіз 23... 35℃ болады. Солтүстік-батыста түнде 12... 25℃, күндіз 25... 40℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде 10... 21℃, күндіз 25... 35℃, Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде 13... 25°С, күндіз 30... 40°С болады.
Мегаполистегі ауа райы
Елордада 20 шілдеде күн ала бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз сынап бағанасы 26℃ жылы, түнде 16℃-ты көрсетеді.
21 шілдеде күн ашық, желдің жылдамдығы – 9 м/с. Күндіз 26℃, түнде 15℃ жылы болады. 22 шілдеде күн ашық болады, күндіз 27℃, түнде 14℃ жылы.
Алматыда 20 шілдеде күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 33℃, түнде 20℃. Желдің жылдамдығы – 9 м/с.
21 шілдеде күн ала бұлтты, күндіз 32℃ жылы, түнде 23℃ жылыны көрсетеді. 22 шілдеде күн ашық, күндіз 32℃, түнде 21℃.
Шымкентте 20 шілде күн ашық, ауа температурасы 37℃, түнде 22℃. 21 және 22 шілдеде де күн ашық болады. Күндіз 35... 37℃, түнде 23℃ жылы болады. Желдің жылдамдығы 9-10 м/с.