Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қалай болатынын айтты

'Қазгидромет' синоптиктері 5-7 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты.

Алматы, NEGE. Болжамға сәйкес, бұл күндері солтүстік, батыс, шығыс өңірлер солтүстік-батыс циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер ықпалында болады. Соған байланысты бұл аймақтарда жауын-шашын жауады, жел күшейеді. Түнгі уақытта көктайғақ болуы мүмкін.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде күн жылы болады. Алайда таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Күндіз бұл аймақтарда термометр бағаны 20... 28 C-қа дейін жетеді.

Алматыда 5 сәуірде күн бұлтты болады, түнде ауа температурасы 14C, күндіз 24C көрсетеді. 6-7 сәуірде күн ашық, түнде 16... 18C, күндіз 26... 27 C болады.