Синоптиктер алдағы күндердің ауа райын болжады
Синоптиктер 18-20 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Алматы, NEGE. Болжамға сәйкес, батыс циклон жырасы және атмосфералық фронталь бөлімдер әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.
Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп болжанған.
-18 ақпанда Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, еліміздің оңтүстік жартысында – көктайғақ, солтүстік жартысында – бұрқасын болжанады, - делінген хабарламада.