Синоптиктер алдағы екі күнге арналған ауа-райы болжамын жариялады

Синоптиктер 24-26 қазанға арналған ауа-райы болжамын жасады.

Алматы, NEGE. Метеорологтар мәліметінше, солтүстік циклон Қазақстан тұрғындарына қыстың жақындағанын еске салады. Алдағы күндері жел, көктайғақ, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады.

"Скандинавия түбегінің аймақтарынан суық арктикалық ауа массаларының енуі елдің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарында күннің салқындауына алып келеді. Мәселен, республиканың батысында түнде температура - 6 градусқа төмендейді, солтүстік-батыста -0-7 аязға дейін, елдің солтүстігінде - 5 градусқа дейін аязды болады", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады