Сіңлісін тоғыз ай құрсағында көтеріп туып алды
Шотландияның Инвернесс қаласында тұратын жас әйел анасының баласын тоғыз ай құрсағында көтеріп, ақырында сіңлісін босанған. Бұл туралы Daily Record хабарлады.
Алматы. NEGE. 25 жастағы Холли Саммерс (Hollie Summers) 49 жастағы анасы Фэйге (Faye) осылай бақыт сыйлаған. Анасы мен оның өгей әкесі Саммерс Эндрю (Andrew) ұзақ жыл армандап, бір балаға зар болыпты. Олар ұзақ ойлана келе, Саммерске суррогат ана болуға ұсыныс жасаған. Ол мақұл көріп, анасының орнына өзінің аналық ұрық жасушасын беріп, донор да болған.
Саммерс қазан айында Уиллоу (Willow) атты қыз боланы өмірге әкелген. Сәбиді «анамның қызы» деп толық мойындап отыр. Өзінің үш жасар қызы бар екен.