7 октября 2023 г. 15:21
Синхронды жүзгіштер Қазақстан қоржынына 71-ші медальді салды
Қазақстандық синхронды жүзгіштер Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында еркін бағдарламада өнер көрсетті.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Тұяқова мен Пушкина өз өнерінің нәтижесі бойынша 200,5354 ұпай жинап, қорытынды 418,6987 ұпаймен үшінші орын иеленді. Көш басында қытайлық жүзушілер (526,8620) тұр. Күміс медаль жапондық спортшыларға бұйырды (489,4288).
Бір күн бұрын техникалық бағдарламада Ясмин мен Арина 218,1633 ұпай жинады - бұл нәтиже екінші болды.
Осылайша, Азия ойындарының соңғы күнінде Қазақстанның қоржынында 71 жүлде бар: тоғыз алтын, 19 күміс және 43 қола.
қазір оқып жатыр