Қазақстан құрамасы Сингапурда су спорты түрлерінен 11-орын иеленді

Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр.

ҰОК

Алматы, NEGE. 20 шілдеде ашық суда жүзуден аралас эстафеталық жарыстар аяқталды.

Қазақстан құрамасы сайыс қорытындысы бойынша 11-орынды иеленді. Алтын медаль Германия құрамасына бұйырды. Екінші орынды Италия иеленсе, жеңіс тұғырының үшінші сатысына Венгрия жайғасты.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар 3 шақырым қашықтыққа ашық суда жүзуден сынға түскен болатын.

Бұл дисциплина бойынша Қазақстан құрамасының сапында ең үздік нәтижені Лев Черепанов көрсетті.

Отандасымыз жартылай финалға өтіп, 12:00.40 уақыт көрсеткішімен 20-орынға тұрақтады.

Ал Ғалымжан Балабек іріктеу кезеңін 18:01.90 нәтижемен аяқтап, 20-орын иеленді.

Әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінде Мария Федотова 18:21.00 көрсеткішімен 14-орынға, Дарья Пушко 20:08.70 нәтижесімен 49-орынға жайғасты.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды