СІМ: шұғыл желі ашылды
ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қытайда тараған коронавирус мәселелері бойынша шұғыл желі ашылды.
Алматы, NEGE. «ҚР Сыртқы істер министрлігінде ҚХР-дағы коронавирус мәселелері бойынша қауырт желілер ашылғанын хабарлаймыз. Жұмыс уақытында Қазақстан азаматтары келесі нөмірлер бойынша хабарласа алады: 7 (7172) 72-05-49, 7 (7172) 72-01-98, 7 (7172) 72-04-93. Жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері 7 (7172) 72-01-11 нөмірі бойынша хабарласуға болады», – делінген ведомствоның Telegram-ында жарияланған ақпаратта.
https://t.me/pressmfakz/5466 Сонымен қатар, ҚХР-дың кейбір қалаларында карантиннің енгізілуіне байланысты Қытай аумағындағы азаматтарымыз үшін Қазақстанның Бейжіңдегі Елшілігінде 86 10 65324189 телефоны бойынша тәулік бойы қауырт желі ашылды.