СІМ: Ливандағы қазақстандық бітімгерлер аман-есен

Ливандағы қазақстандық бітімгерлер аман-есен, деп мәлімдеді ҚР сыртқы істер министрі Мұқтар Тлеуберді.


 

Алматы, NEGE. «Ливандағы Бейрут қаласының портында бірнеше жойқын жарылыс болды. Қалалық инфрақұрылымға зиян келді, адам шығыны бар. Жарылыс туралы ақпаратты алғаннан кейін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне Ливандағы қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. (…) Ливанда БҰҰ бітімгерлік құрамы бар, олардың құрамында 120 қазақстандық жауынгер болатын. Қазіргі уақытта оларды ауыстыру процесі жүруде және кеше ғана біздің қазақстандық бітімгерлер елге қайтқан еді. Олар орналасқан жерге аман-есен оралды», –  деді Тлеуберді сәрсенбі күні.

Оның айтуынша, қазір Ливандағы консулдық есепте 113 Қазақстан азаматы бар.

«Біздің дипломаттар олармен байланыста, олардың арасында зардап шеккендер жоқ. Өздеріңіз білетіндей, дипломатиялық миссия кеңсесіне зардап келтірілді, ол қалпына келтірілетін болады. Біздің қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері зардап шеккен жоқ», - деді Тлеуберді.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді