СІМ Ирандағы Әзербайжан елшілігіне жасалған шабуылды қатаң айыптайтынын мәлімдеді

СІМ Ирандағы Әзербайжан елшілігіне жасалған шабуылды қатаң айыптайтынын мәлімдеді.

Алматы, NEGE. «Қазақстан дипломатиялық миссиялар мен оның өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық пен агрессия актілерінің кез келген көрінісі қабылданбайды деп санайды. Мұндай шабуылдар халықаралық құқықтың негіздері мен нормаларын бұзады және жалпыға бірдей айыпталуға жатады деп санаймыз. 

Әзербайжанның бауырлас халқына, сондай-ақ қаза тапқан Әзербайжан Республикасының азаматы Орхан Аскеровтың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуін тілейміз», - делінген хабарламада.