СІМ экс-жауапты хатшысы Сирия келіссөздерін ұйымдастырғаны үшін пара алған

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашевтің ісі бойынша жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Atameken Business телеарнасының хабарлауынша, Анарбек Қарашев ШЫҰ, ЕурАзЭҚ және Астаналық процесс деп аталатын Сирия келіссөздері сияқты маңызды халықаралық іс- шараларды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету шарттарын жасағаны үшін пара алған.

Осы қызметтердің барлығы үшін экс-жауапты хатшы 52 миллион теңге пара алған. Оның 7 миллион 400 мың теңгесі Қарашев барған сауналар мен мейрамханаларға жұмсалған. Сондай-ақ, сот барлық істе Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы қызметкеріне тағы 4 адамның көмектескенін дәлелдеді. Олар 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев пен Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаев екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?