СІМ Әзербайжан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Әзербайжан Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Құрметті әріптестер, бауырлас Әзербайжан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Гүлдену мен өркендеу тілейміз!» делінген еліміздің сыртқы саяси вдеомствосының Twitter парақшасындағы хабарламада. Айта кетейік, бүгін - Әзербайжан елінің Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1991 жылы 18 қазанда «Әзербайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі» конституциялық шарт қабылданған. Әзербайжан - Кавказдың оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде - Ресеймен, солтүстік-батысында - Грузиямен, оңтүстік-батысында - Армения және Түркиямен, оңтүстігінде - Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Астанасы - Баку. Мемлекеттік тілі - әзербайжан тілі. Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 27 тамыздан бастап орнаған.

Қазір оқып жатыр

Астанада тұрғын үй кешенінің төбесінен құлап кете жаздаған жігіт қамауға алынды

Air Astana мамырдың соңына дейін Дубайға әуе рейстерін орындамайды

Щучинскіде дәмханада болған жарылыс: тағы екі адам ұсталды

Депутат: ҰБТ-дағы өзгерістер оқушыларға қосымша стресс әкелуі мүмкін