Сілеусін алғаш рет фототұзаққа түсті

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында сілеусін фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы парктің желідегі парақшасында ақпарат жарияланды.

 
Алматы, NEGE.  «Жазбада айтылғандай, өңірде сілеусіннің фототұзаққа түсіп қалуы алғаш рет тіркеліп отыр. Бұл аң өте сақ, сондықтан оны жасырын камерамен суретке түсіру өте қиын.

«Сілеусін-мысықтар отрядына жатанын ең әдемі аң, ол ешқашан адамға бірінші болып шабуыл жасамайды. Сілеусін жүргенде немесе секіріп қарғығанда артқы аяқтары алдыңғы аяқтарының ізін басады»- деп жазылған хабарламада.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, сілеусін күніне 30 шақырымға дейін орман кезеді. Сілеусіндер өзінің аумағында оларға аң аулауға жол бермейді.

Қазір оқып жатыр

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды